Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақ тілін құрметте

0 297

«Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің» және Дүнген ұлттық Орталығының ұйымдастыруымен

«Анаға тағзым» орталығының «Алқа» залында «Анамның тілі – айбыным менің» атты семинар-тренинг өтті.
Шараға дүнген этникалық бірлестігінің өкілдері, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұстаздары мен студенттері, «Долголетие» клубының өкілдері қатысты. Өзге ұлт азаматтарының қазақ тілін меңгерудегі тәжірибесімен алмасу және мемлекеттік тілге деген құрметті насихаттау, тілді үйренуге деген ынталарын арттыру мақсатында өткен жиынды Республикалық Дүнген ұлттық мәдени орталығының Аналар кеңесі төрайымы Сара Дауызова жүргізді.

Шара барысында қаладағы «Физика-математикалық бағытындағы «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы филиалының химия пәні мұғалімі Нурзада Даутова, Жамбыл ауданы, Чкалов атындағы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Роза Юнусова өздерінің қазақ тілінде сөйлеу дағдысының қалыптасуы, қазақ тілін үйрену тәжірибелерімен бөлісті.

– Қазақ тілінде адамдар сөйлесе бастағанда маған өте қызық болып көрінетін. «Олар мүмкін мен туралы айтып жатқан шығар» деген ой мазалап, қазақ тілін үйренуге бет бұрдым. Ал бұл тілді тез арада үйреніп алуыма ең бірінші себеп, ол менің қазақ жігітіне ғашық болғандығымда еді. Сол жігітпен қарым-қатынасымды нығайту үшін, сезімімнің шынайылығын жеткізу үшін, оның ана тілін меңгеруге шындап кірістім. Бүгінде сол қазақ отбасының шаңырағын келін болып аттадым. Және де қызығы қазақ ұлтының барлық салт-дәстүрін үйде мен айтып отырамын. Ал әйгілі компазитор Шәмші Қалдаяқовтың «Дүнген қызы» әні менің әпкеме арналған. Шәмші әке шешеммен бір дастархан басында шай ішіп, ән шырқап отыратын – деді Роза Юнусова.

Сонымен қатар кеш барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің орыс тілі кафедрасының оқытушылары Бақыткүл Қалматаева, Айгүл Омарова өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.