Қалалық қоғамдық-саяси газет

15 қыркүйекте мәслихат Нұр-Сұлтанның атауын Астана деп өзгерту мәселесін қарайды

0 427

Нұр-Сұлтан қаласының атын Астана деп өзгерту мәселесі ертең, 15 қыркүйекте елорда мәслихатында қаралады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«2022 жылғы 15 қыркүйекте сағат 10.00-де өтетін Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының қоғамдық тыңдауында «Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауын – Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп өзгерту туралы» мәселесі қаралады», – делінген сәрсенбі күні елорда мәслихатының сайтында жарияланған ақпараттта.

Дәл осы күні – 15 қыркүйекте қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында елорданың атауын Нұр-Сұлтаннан Астанаға өзгерту мәселесі көтеріледі деп күтілуде.

Еске салайық, 2 қыркүйекте Мәжіліс депутаттары күзде өтетін кезектен тыс сайлауға дейін жеті жылдық президенттік билікті енгізуді және Астананың атын елордаға қайтаруды ұсынған еді.

13 қыркүйекте мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Нұр-Сұлтанның атын Астана деп қайта өзгерту бастамасына түсініктеме бере отырып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзіне сілтеп, Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне қойылған басқа да атаулардың өзгермейтінін айтқан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.