Қалалық қоғамдық-саяси газет

«ОLХ»-ке кіремін деп опық жеді

0 181

Тараз қаласы Полиция басқармасына 42 жастағы қала тұрғыны келiп, «ОLХ» сайтында интернет-алаяққа алданып қалғандығы туралы арыз түсірген.

Ол автокөлік алу мақсатында интернет желісіндегі сайттардан өзіне ыңғайлы көлік іздеген. «ОLХ» сайтынан «Мерседес» маркалы автокөлігін таңдап, сатушы иесіне хабарласқан. Оған 400 000 теңге көлеміндегi қаражатты есепшотына аударған. Алайда ақшаны алған көлік иесі сол бойы табан жалтыратқан.

Полицейлердің жедел іздестіру іс-шаралары барысында 25 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Күдікті азаматша алаяқтық жолмен оңай ақша тапқысы келгендігін айтып, өз кінәсін толығымен мойындады.
Келтірілген шығын көлемі иесіне қайтарылды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен тергеу амалдары жүргізілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.