Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қордайдың қоңыр құлжасына тағзым

0 90

Қордай ауданында заңғар жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, қадірлі қаламгер Несіпбек Дәутайұлының жылдық асы алдында «Қордайдың қоңыр құлжасы» атты дөңгелек үстел өтті.

Аудан әкімдігінде болған келелі кездесуге облыс әкімінің орынбасары Еркін Үйсімбаев, ҚР Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ақын-жазушылар Елен Әлімжан, Жұмабай Шаштайұлы, Әшірбек Көпішев, Маралтай Райымбекұлы, Бейбіт Сарыбай, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен келген қаламгерлер мен журналистер қатысты.

Жиынды жүргізген Ерлан Жүніс басқосудың маңыздылығына кеңінен тоқталды. Бұдан кейін Еркін Құлымбайұлы сөз алып, Несіпбек Дәутайұлының шығармашылығы мен өмірі туралы кеңінен сыр шертіп, қаламгердің 75 жылдығына орай ұйымдастырылатын іс-шаралар жөнінде әңгімеледі. Олардың қатарында жазушы атындағы байқау ұйымдастыру бар екен.

Дөңгелек үстел барысында Нес-ағамен үзеңгілес, рухани сырлас болған жандар сөз сөйлеп, жазушының кісілік келбеті, шоқтығы биік шығармашылығы жайында ой толғап, бірқатар ұсыныстарын да жеткізді. Соңында «Қордайдың қоңыр құлжасы» атты кітаптың тұсауы кесіліп, одан кейін жиналған жұрт Қордайдағы «Інжу-Палас» мейрамханасында жайылған жазушының жылдық асына қатысып, бағышталған құранға қол жайды.

Дариха Үмбетиярова

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.