Қалалық қоғамдық-саяси газет

Университет ұжымы Қостанайға көмек көрсетті

0 119

Қызыл жалын шарпыған Қостанайдың жағдайына бүгінде барша халық алаңдаулы. Тілсіз жаудың құрсауында қалған өңір жұртшылығына көмек көрсету мақсатында бірыңғай қоғамдық қор құрылған болатын.

Күн суығанда үйлері өртеніп, баспанасыз қалған азаматтарға қолдау көрсетуге барлығы атсалысуда. Солардың қатарында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ұжымы да бар. Олар қомақты қаражат жинап, қорға аударған. Сондай-ақ Тараз қаласынан Жамбыл жұртшылығы жұмылып жинаған гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік, киім-кешек, дәрі-дәрмек, құрылыс материалдары бар түрлі заттар тиелген 3 жүк автокөлігі Қостанай облысының Әулиекөл ауданына жол тартты. Бұл істен де университет қызметкерлері шет қалмай, қолдан келген жәрдемін көрсетті.

Жасмин ФАЗЫЛОВА

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.