Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұржан Нұржігітов Тараз қаласындағы бірқатар нысандардың жағдайымен танысты

0 235

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласын кезекті рет аралап, бірқатар нысандардың жай-күйімен танысты.

Аймақ басшысы алдымен облыс орталығының жасыл белдеуін кеңейту жұмыстарының барысын тексерді.

Шаһар аумағында жыл сайын жүздеген ағаш көшеттері отырғызылады. Дегенмен, дұрыс күтім мен уақытылы суару шаралары жүргізілмегендіктен, олардың көбі қурап жатқандығы анықталған. Осы орайда облыс әкімі Тараз қаласы әкімдігіне, экология департаментіне және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына қаланы абаттандыру мен көгеріштендіру, жасыл желек отырғызу және оларға күтім жасау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

– Бұл – үлкен еңбекті талап етеді. Мұндай ортақ іске әрқайсымыз барынша үлес қосуға тиіспіз.  Жасыл желекті сапалы отырғызу ғана емес, оларға ұзақ уақыт тұрақты түрде күтім жасау да маңызды, – деді Нұржан Нұржігітов.

Бұдан соң облыс әкімі  «Тараз” индустриалды аймағының қызметімен танысты. Қазіргі уақытта мұнда 4 жоба жүзеге асырылуда. Олар:  «ТВAlloysKazakh Limited» ЖК (ферросилиций өндірісі бойынша зауыт құрылысы), «Нұр Хим 2021» ЖШС (тігін өндірісі), «Нұр Хим 2021» ЖШС (аралас кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісі бойынша цех құрылысы), «Асқар-Тау НС» ЖШС (асфальтбетон қоспасын өндіру, асфальт-бетон қоспасын өндіру, битум эмульсиясы және әртүрлі фракциядағы қиыршық тас).

Келесі кезекте аймақ басшысы «Зербұлақ» демалыс аймағын қалпына келтіру жұмыстарын көрді.  Бас мердігер «South Holiday» ЖШС мұнда бірнеше бөліктен тұратын жаңа жайлы кешен құруды жоспарлауда. Жоба толығымен 2023 жылдың мамыр айында аяқталмақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.