Қалалық қоғамдық-саяси газет

Психотерапевт күз мезгілінде болатын депрессиямен күресу жолдарын атады

0 175

Психотерапевт Евгений Фомин адамдарда күз мезгілінде келетін жағымсыз құбылыспен күресудің әдістерін айтты. Күзгі әлсіздік пен көңіл күйдің түсуін жеңу үшін сізге тұрғылықты жеріңізді өзгертіп, шуақты аймаққа көшуге, сондай-ақ үйде жазғы атмосфераны құруға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Вечерняя Москва» порталына сілтеме жасап.

Күздегі табиғаттың жаңбырлы, бұлтты болуына байланысты адамдарға бұл әсер етіп, көңілсіздік пен түңілістер пайда болады. Сарапшының пікірінше, бұл адамдар әдетте мереке ретінде қабылдайтын жаз мезгілінің аяқталуымен байланысты.

«Кез келген мерекенің соңы жағымсыз эмоцияларға әкеліп соғады. Эйфория кезеңі дисфория мен тітіркендіргіш әлсіздікпен ауыстырылады»,  – деп түсіндірді Фомин.

Ауа-райының нашарлауы әсіресе психологиялық жағдайға әсер етеді.

Күздегі әлсіздік пен көңілсіздік әсерін жеңу үшін психотерапевт тұрғылықты жерін өзгертуге және елдің шуақты аймағына көшуге кеңес береді. Егер бұл мүмкін болмаса, онда сіз үйде жаз көңіл-күй сыйлайтын дүниелерді ұйымдастыруды ұсынды.

“Адамға рахат сыйлайтын жаңа хобби де бұл ретте көп көмектеседі. Көңілсіздіктен арылудың тағы бір жолы –  жаңа мақсаттар қою. Мысалы, екінші жоғары білім алу. Көбінесе адамдар өзі таңдаған салада білім алса, оқу процесі кезінде рахатқа бөленеді», – деді Фомин.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.