Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бүгін – қазақ киносының күні

0 195

2005 жылы Қазақстан кинематографистері одағының басшысы болған Бауыржан Нөгербеков 12 қыркүйекті «Қазақ киносының күні» деп атауды ұсынған еді. Сол күннен бастап бұл дата жыл сайын атап өтіліп келеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Қазақтың алғашқы киносы 1938 жылы «Ленфильм» студиясы түсірген «Амангелді» фильмі болып саналады. Амангелдінің рөлін белгілі актер Елубай Өмірзақов сомдап шыққан-ды. Ал фильмнің режиссері — Марк Левин. Кино ұлт Расында бұл фильм қазақ кино өнерінің тарихында өзіндік орынға ие.

 

«1937 жылы Ленин орденді «Ленфильм» киностудиясы толықметражды «Амангелді» дыбысты фильмін жасап шығарды. Киносценарийді қазақ драматургі Ғабит Мүсірепов пен жазушы Всеволод Иванов бірігіп жазды. Картина режиссері Моисей Левин болды. Бұл фильм ұлттық кинематографияның негізін қалаған ең алғашқы киносуретіміз болып табылады», — деді қазақ кинотанушысы Қабыш Сиранов.

 

Қабыш Сирановтың 1944 жылы шыққан мақаласында сценарий авторы: «Ғабит Мүсірепов пен Всеволод Иванов», — делінген. Ал сценарий жазуға екеуінен бөлек Бейімбет Майлин де ат салысқан екен. Алайда кеңес үкіметінің солақай саясатының салдарынан Бейімбеттің есімі титрден алынып тасталған.

 

Екінші кезең 1941-1945 жылдар. ІІ-ші Дүниежүзілік соғыс жылдарында «Мосфильм» мен «Ленфильм» киностудияларының бөлімшелері Алматыға көшірілді. Бұл жылдары қазақ кино қоржынына «Антенна Рыбкин» (реж. К.К. Юдин), «Жауынгер ұлы» (режисері В.П. Строева), «Біздің қаланың жігіті» (режисері А.Б. Столпер), «Ауком секретары» (режисері А.М. Файнциммер), «Отан үшін» (режисері Пудовкин), «Иван Грозный» (1-сериясы, режисері Эйзенштейн), туындылары қосылды.

 

Үшінші кезең 1946-1960 жылдары. Осы жылдарда халық батырлығы туралы және заманауи тақырыпқа арналған картиналар шыға бастады. Мысалы, «Абай әндері» (1946), «Махаббат туралы аңыз» (1954), «Оның уақыты келеді» (1957). «Ботакөз» (1957), шығармаларын атауға болады.

 

Төртінші кезең 1961-1979 жылдары. Бұл кезең 1960 жылдан «Қазақфильм» кино студиясы құрылуының алғашқы жылдарымен тұспа-тұс келеді. Осы кезеңде қазақ киносы тарихи туындыларға ерекше назар аударғанын көруге болады. Сөзімізге дәлел ретінде, осы жылдарда түсірілген «Қыз Жібек» (1972), «Атаманның ақыры» (1971), «Біздің сүйікті дәрігер» (1957), «Менің атым Қожа» (1963), т.б.) сынды ғажап кино картиналарды атасақ жеткілікті болар. Тағы бір айта кетерлік нәрсе осы жылдарда қазақ киносын дамытуға режиссер Ш.Айманов, Е.Е. Арон, М.Бегалин, О.Әбішев; А.Қарсақбаев, С.Қожықов сынды режисерлермен бірге, Қ.Қуанышбаев, Е.Өмірзақов, Н.Жантөрин, Қ.Байсейітов, С.Қожамқұлов, К.Қожабеков, Ә.Өмірзақова сынды біртуар өнер тарландары зор үлес қосты.

 

Бесінші кезең 1980-1990 жылдары. Бұл кезеңде түсірілген туындылар өзге бағыттағы фильмдермен бірге қоршаған ортадағы түрлі мәселелерді экранға шығаруымен есте қалды. Оған «Құмшағыл оқиғасы» (1987), «Аралды жоқтау» (1988), «Жоқтау. Өлі теңіз шежіресі» (1989 — 1990), «Полигон» (1990) фильмдерін жатқызуға болады. Сондай-ақ осы жылдарда Қ.Салықовтың «Балкон» (1988), Р.Нұғмановтың «Ине»(1988), С.Апрымовтың «Қиян» (1989), Т.Теменовтың «Адамдар арасындағы бөлтірік» (1988), А.Әмірқұловтың «Отырардың күйреуі» (1991), Ә.Қарақұловтың «Әзәзіл қыз» (1991), С.Нарымбетовтың «Көзімнің қарасы» (1994) фильмдері түсірілді.

 

Алтыншы кезең 1991-қазіргі уақытқа дейін. Бұл тәуелсіз Қазақстандағы кино дәуірі деп аталады. Тәуелсіздік жылдары жарыққа шыққан фильмдердің қатарында «Көшпенділер», «Қазақ хандығы», «Біржан сал», «Құнанбай», «Анаға апарар жол» т.б. туындылар бар. Елімізде 1998 жылдан бастап халықаралық «Еуразия» кино фестивальі дәстүрлі түрде өтіп келеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.