Қалалық қоғамдық-саяси газет

Әйелдердің зейнет жасын төмендету: Еңбек министрі белсенділермен кездесті

0 160

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 9 қыркүйекте «Әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендету үшін Қазақстан әйелдері қозғалысының» белсенділерімен кездесті, деп хабарлайы Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Кездесу барысында қатысушыларға зейнетақы аннуитетінің құнын айқындау кезінде пайдаланылатын параметрлерді қайта қарау бойынша Ұлттық банкпен бірлескен жұмыс басталғаны туралы хабардар етілді. Министрлік мәліметінше, аннуитет қазақстандықтар үшін әлдеқайда қолжетімді бола түспек.

Сондай-ақ кездесуде Тамара Дүйсенова жоспарланған әйелдердің зейнеткерлік жасын 61 жас деңгейінде ұзарту туралы шешімді 2028 жылға дейін тоқтата тұру және кейінгі 3 жыл ішінде жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27% – ға арттыру мәселесі туралы айтты.

Бұл өсім 2 млн. астам зейнеткерді, сондай-ақ 1998 жылға дейін еңбек өтілі бар болашақ зейнеткерлерді қамтитын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.