Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қырғызстанда зейнетақы рекорд деңгейде өсті

0 300

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров өткен жылы елдегі зейнетақы рекордтық деңгейде өскенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1 қазаннан бастап қырғызстандықтардың зейнетақысы орташа есеппен 1700-ден 3400 сомға дейін өседі (шамамен 10-нан 20 мың теңгеге дейін).

«Әрине, бұл идеалды көрсеткіштен алыс екенін білеміз. Бірақ біздегі бюджет мүмкіндіктеріне сүйене отырып, біз азаматтарымыздың өмірін жақсарту үшін барлығын жасап жатырмыз. Осыған дейін зейнетақы орташа есеппен 200-300 сомға көтерелетін. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қырғыз халқының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын болады», – деп жазды Жапаров Facebook парақшасында.

Сондай-ақ ол Қырғызстанда 735 мың зейнеткер бар екенін, енді оларға зейнетақы төлеуге жыл сайын республикалық бюджеттен 70 миллиард емес, 90 миллиард сом бөлінетінін айтты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.