Қалалық қоғамдық-саяси газет

Президент Жолдауынан туындаған міндеттер талқыланды

0 441

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің Тараз қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің мәжіліс залында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруге арналған ақпараттық топтың кездесуі өтті,- деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Департамент бөлімшелерінің жеке құрамы қатысқан шара барысында департамент бастығы, полковник Ермек Момбаев сөз сөйлеп, құнды құжаттың басым бағыттарын түсіндірді.

–  Жолдаумен толық танысқан уақытта біз үш маңызды тірекке ерекше мән берілетінін көріп отырмыз. Бұл күшті Президент, ықпалды Парламент, естуші Үкімет. Осы Жолдауда қаржы көздерін іздеу, оларды тиімді игеру, инвесторлар тарту, сыбайлас жемқорлық мәселелерін шешу және оған жол берген заңды және жеке тұлғалардан өндірілген айыппұлдарды білім беру мақсаттарына бағыттау мәселелері де назардан тыс қалмады. Сондай-ақ, ол Еуропа мен Азияны байланыстыратын Қазақстан мемлекетінің географиялық ерекшелігін ұтымды пайдалану қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ішкі мәселелер – азық-түлік бағасы және әйелдердің зейнеткерлік жасының тұрақтылығы, сондай-ақ біздің болашағымыз Ұлттық қордан балалардың шоттарына аударылуы секілді жаңалықтар біздің болашаққа деген сенімімізді нығайта түсері анық,- деді Ермек Жамбылұлы.

Басқосудың өзге де қатысушылары өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.
Осы күні мұндай басқосу Ұлттық Ұланның 5513 әскери бөлімінде де өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.