Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жолбарыс популяциясын қалпына келтіру үшін Қазақстанға Ресейден төрт жолбарыстың баласы әкелінеді

0 267

Ресейлік мамандар Қазақстанда амур жолбарысының популяциясын қалпына келтіру бағдарламасы аясында елімізге Ресейден төрт жолбарыстың баласын алып келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

«Амур жолбарысы» орталығының бас директоры Сергей Арамилев оңалту орталығында өскен жолбарыс балаларын алуы мүмкін екенін айтты.

«Әзірге біз оңалтау орталығына түскен жолбарыстар жеткілікті деп ойлаймыз. Болмаса, табиғаттан аулаймыз», – деді Арамилев.

Оның сөзінше, амур жолбарыстарының Қазақстанда өмір сүре алу мүмкіндігі бар. Қазір бұл жануарлар популяциясы қалпына келтіріліп жатқан Амур облысында жолбарыстар ХХ ғасырдың басынан бері болмаған.

Мамандар алдағы уақытта әр түрлі жыныстағы төрт жолбарысты Қазақстан аумағында жіберуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанға алғашқы жолбарыстардың бес жылдан кейін әкелінетінін хабарлаған едік.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.