Ядролық держава мәртебесін белгілейтін жаңа заңның қабылдануына байланысты КХДР ядролық қарусыздандыру бойынша келіссөздерге бармайды. Бұл туралы жұма күні KCNA агенттігінің жазуынша, КХДР көшбасшысы Ким Чен Ын Жоғарғы халық ассамблеясының отырысында мәлімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Ядролық қаруға иелік ету – біздің заңды және ажырамас құқығымыз. Біз ядролық қарудан бас тартуды көздеп отырған жоқпыз. Жаңа заң ядролық қарусыздандыру туралы келіссөздерді мүмкін емес етеді», – деді ол. Сонымен бірге, жаңа заңға сәйкес, КХДР ядролық қару мен технологияларды басқа елдерге таратпауға және бермеуге міндеттенеді.
«Елдің өмір сүруі, халық пен мемлекеттің қауіпсіздігі тәуелді болатын өзін-өзі қорғау құқығынан, қандай қиын жағдай болса да, бас тартпаймыз. АҚШ құрған Корей түбегіндегі қандай саяси және әскери жағдай болса да, біз ядролық қарудан бас тарта алмаймыз, өйткені АҚШ-тың ядролық мемлекетін тежеу керек», – деп атап өткен Ким Чен Ын.
Ол Пхеньянның бұл ұстанымынан бас тартпайтынын, тіпті егер Халық Республикасына «жүздеген жылдар» бойы санкциялар салынса да шешімін өзгертпейтінін жеткізді.
«АҚШ бізді ядролық (қарудан) бас тартуымызға мәжбүрлеуге тырысады, осылайша біз өзін-өзі қорғау құқығын пайдаланудан бас тартамыз, АҚШ-тың мақсаты – бізді әлсіретіп, мемлекетімізді жою», – деп түйіндеді КХДР басшысы.