Қалалық қоғамдық-саяси газет

«ДАИШ» басшыларының бірі ұсталды – Ердоған мәлімдеді

0 761

«ДАИШ» террористік ұйымының («Ислам мемлекеті» Қазақстанда тыйым салынған) жетекшілерінің бірі Түркияда ұсталды. Бұл туралы 8 қыркүйекте Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған NTV телеарнасының эфирінде мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Түркияда ИМ-нің жоғары басшыларының қатарына кіретін Башар Хаттаб Ғазал Әл Сумайда, яғни Әбу Зейд атымен танымал қауіпті террорист ұсталды», – деді Ердоған.

Түркия президенті елдің қауіпсіздік және құқық қорғау органдары Әбу Зейдті ұстау үшін ДАИШ террористік ұйымына қарсы маңызды операция жасағанын айтты.

Әбу Зейд ДАИШ-тың бұрынғы басшысы Абубекир әл-Бағдади мен оның ізбасары Абдулла Кардашты өлгеннен кейін билікке келген.

Террористтен Стамбулдың Ұлттық барлау және полиция басқармасы жауап алып, Бас прокурордың тапсырмасымен сот билігіне жіберген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері террористтің жалған есімді пайдаланып, Түркияға заңсыз кіру ниеті туралы ақпарат алды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.