Қалалық қоғамдық-саяси газет

«33 млн адам зардап шекті»: Пәкістанның су тасқынынан кейінгі көрінісі (ФОТО)

0 200

Пәкістан ауа-райының әсерінен ең көп зардап шеккен 10 елдің қатарына кіреді. Елде наурыз-сәуір айларында қатты ыстықтың салдарынан құрғақшылық қауіпі төнсе, қазір күшті муссоннан кейінгі жойқын су тасқыны болып жатыр деп хабарлады turkystan.kz.

27 тамыз күні төтенше жағдай жарияланды. Маусым айынан бастап нөсер жаңбыр жауып, елді әуре-сарсаңға түсірді. Салыстырмалы түрде тамыз айында жауын-шашын мөлшері нормадан 67 пайыздан жоғары болды.

Ел үкіметінің мәліметінше, Пәкістандағы 160 ауданның 116-сында 33 миллионға жуық адам зардап шекті. Бұл – ел тұрғындарының 15 пайызы. Сарапшылардың бағалауынша, биыл бұрын-соңды болмаған жаңбыр мен су тасқынынан келген экономикалық шығын 4 млрд доллардан асқан.

«33 млн адам зардап шекті»: Пәкістанның су тасқынынан кейінгі көрінісі (ФОТО)

«33 млн адам зардап шекті»: Пәкістанның су тасқынынан кейінгі көрінісі (ФОТО)

6 қыркүйек күні елдің премьер-министрі Шехбаз Шариф табиғи апаттан қаза тапқандар саны 1 343 адамға дейін өскенін жеткізді.

«33 млн адам зардап шекті»: Пәкістанның су тасқынынан кейінгі көрінісі (ФОТО)

Табиғи апаттарды басқару ұлттық агенттігінің басшысы Ахтар Наваз Пәкістандағы 160 ауданның 72-сі табиғи апаттан зардап шеккенін айтты. 800 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы алқаптары су астында қалды.

«33 млн адам зардап шекті»: Пәкістанның су тасқынынан кейінгі көрінісі (ФОТО)

Ал Ұлттық басқарманың жаңартылған соңғы мәліметтері бойынша, 1 682 726 үй қирап, 750 405 бас мал қырылған. 2 млн гектарға жуық егінге зиян келді. Қазір Пәкістандағы су тасқыны салдарынан шамамен 500 мың адам үйлерін тастап кетті, олардың көпшілігі уақытша лагерьлерді паналап жүр.

Гуманитарлық жағдай көлік инфрақұрылымына айтарлықтай залал келтірді. Халықтың бір бөлігі азық-түліксіз және жарықсыз қалды. Алдын ала болжам бойынша, 3 500 шақырымға жуық жол шайылып, 150 көпір бүлінген.

«33 млн адам зардап шекті»: Пәкістанның су тасқынынан кейінгі көрінісі (ФОТО)

«33 млн адам зардап шекті»: Пәкістанның су тасқынынан кейінгі көрінісі (ФОТО)

26 тамыз күні Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф халықаралық көмекке жүгінді. Кейін БҰҰ 5,2 млн пәкістандықтарға гуманитарлық көмек көрсету жоспарын жариялады. Алайда оны жүзеге асыру үшін 160 млн доллар қажет.

Пәкістан қазірдің өзінде Халықаралық валюта қорынан 1,1 млрд доллар көлемінде қаржылай көмек алды. Үкіметтің алдын ала есебі бойынша, су тасқынынан келген шығын 10 млрд долларды құрап отыр.

Сондай-ақ Дүниежүзілік банк апатты жоюға көмектесу үшін Пәкістанға 350 миллион доллар, Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы 110 миллион доллар, Азия даму банкі 20 миллион доллар және Ұлыбританияға 40 миллион доллар жібермек.

«33 млн адам зардап шекті»: Пәкістанның су тасқынынан кейінгі көрінісі (ФОТО)

«33 млн адам зардап шекті»: Пәкістанның су тасқынынан кейінгі көрінісі (ФОТО)

«33 млн адам зардап шекті»: Пәкістанның су тасқынынан кейінгі көрінісі (ФОТО)

«33 млн адам зардап шекті»: Пәкістанның су тасқынынан кейінгі көрінісі (ФОТО)

«33 млн адам зардап шекті»: Пәкістанның су тасқынынан кейінгі көрінісі (ФОТО)

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.