Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қорғаныс министрі Жақсылықов Алматы өңірлік гарнизонына барды

0 376

Руслан Жақсылықов әскери техниканы сақтау мен пайдаланудың жай-күйін, сондай-ақ әскери қалашықтардың инфрақұрылымын тексерді деп хабарлады turkystan.kz

«Қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов Алматыға жұмыс сапары аясында жоғары әскери оқу орындарындағы оқу процесін, әскери бөлімдердегі жауынгерлік даярлықтың барысын, әскери техниканы сақтау мен пайдаланудың жай-күйін, сондай-ақ әскери қалашықтардың инфрақұрылымын тексерді», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» Жолдауында қойылған тапсырмалар аясында Қорғаныс министрлігіне қарасты оқу орындарына ерекше көңіл бөлінді.

Қорғаныс министрі Жақсылықов Алматы өңірлік гарнизонына барды

Құрлық әскерлерінің әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында оқу орындарының бастықтары Қорғаныс министріне оқу-тәрбие процесінің барысы туралы баяндады. Оқу полигондарындағы болашақ офицерлерді практикалық даярлауға арналған оқу-материалдық базаның жағдайы да назардан тыс қалмады.

Қорғаныс министрінің бұған дейін берген нұсқауларына сәйкес жаңартылып, жетілдірілген оқу корпустары, кафедралар, казармалық үй-жайлар, асханалар мен спорт кешендері көрсетілді.

Құрлық әскерлері әскери институтының оқу-жаттығу орталығында Қорғаныс министрі бөлім командирлерінің жиындарын ұйымдастыруды қадағалап, олардың жедел және тактикалық дайындық бойынша білімдерін тексеруге қатысты.

Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бөлімдерінде генерал-полковник Руслан Жақсылықов жеке құрамның жауынгерлік оқу процесімен, атап айтқанда, арнайы тренажерлармен жабдықталған әуе-десанттық даярлық оқу кешеніндегі сабақтардың барысымен танысты.

Қорғаныс министрі Жақсылықов Алматы өңірлік гарнизонына барды

Әскери техниканы тексеру барысында қорғаныс ведомствосының басшысы оны ұқыпты ұстауға, сақтау мен қызмет көрсету үшін қажетті жағдайлар жасауға басты назар аударды.

«Әскери техника кез келген уақытта жауынгерлік тапсырмларды орындауға дайын болуы керек. Бұл әскерлердің жауынгерлік дайындығы мен жауынгерлік қабілетінің негізгі құрамдас бөлігі», – деді Жақсылықов.

Қорғаныс министрінің Алматы гарнизонындағы жұмысының жеке бағыты Қарулы күштер ардагерлерімен кездесу болғанын атап өткен жөн. Қорғаныс ведомствосының басшысы ардагерлерге әскери бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігінің жай-күйі, Қарулы күштерді қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи үлгілерімен жарақтандыру, әскери инфрақұрылымды жетілдіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы кеңінен әңгімелеп берді.

Сонымен бірге олардың құрметті демалысқа шыққаннан кейінгі бейімделуі, ардагерлер ұйымдарының әлеуетін әскери-патриоттық тәрбиеге тарту мәселелері де қаралды.

Өз кезегінде «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ Алматы филиалының басшылары еліміздің әскери қауіпсіздігіне төнетін заманауи қауіп-қатерлер аясында Қазақстан әскерін одан әрі дамыту туралы өз ұсыныстарын ортаға салды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.