Египетте 29 жастағы ер азамат тұрмысқа шығуға келіспей қойған қызды атып өлтіріп, одан соң өз-өзіне қол салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror сайтына сілтеме жасап.
Оқиға сенбі күні 3 қыркүйекте болған. Қаскөй Ахмед Фатхи Амейра 19 жастағы Амани Абдул-Кәрім Әл-Газзарды аңдып, оған оқ жаудырды. Қызды өлтірердің алдында ол бейнежазба түсіріп, онда өзін қылмыскер деп атап, осы уақытқа дейін Әл-Газзар үшін өмір сүргенін, енді одан кек алуға ниетті екенін айтқан.
Әл-Газзарды ауыл тұрғындары жаралы күйінде тауып алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер қызды аман алып қалуға тырысқанымен, оны құтқара алмады.
Қылмыскердің де мәйіті ауыл жолынан табылды.