Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда ішкі көші-қонды ынталандырудың жаңа шаралары енгізіледі

0 151

Президенттің биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында еліміздің көші-қон саясатының тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар пакеті ұсынылды деп хабарлады turkystan.kz.

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, оларды іске асыру мақсатында көші-қон саясатының алдағы 5 жылға арналған жаңа тұжырымдамасы шеңберінде ішкі көші-қонды ынталандыруға бағытталған бірқатар шаралар көзделетін болады.

Мемлекет басшысының ішкі көші-қон саясатын қайта қарау жөніндегі тапсырмасын орындау үшін жаңа Тұжырымдама шеңберінде елдің басқа облыстарында негізделген трансферт және қолданыстағы бизнес-жобаларды кеңейту арқылы жұмыс орындарын құра отырып, азаматтардың солтүстік және орталық өңірлерге реттелетін қоныс аударуын ұйымдастыру тетігі көзделетін болады.

Осы бағыт шеңберінде:

– әрбір қабылдаушы облыста жер ресурстарымен, инженерлік, көлік-логистикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдармен қамтамасыз етуді ескере отырып, қоныс аударуды ынталандырудың арнайы өңірлік бағдарламасын әзірлеу көзделеді. Сондай-ақ бағдарламаларда жұмыс күшінің тапшылығын сезінетін экономиканың басым секторлары айқындалатын болады;

– жұмыс орындарын құру бойынша барынша әлеуеті бар тиісті бизнес-идеялар конкурсы арқылы солтүстік және орталық өңірлер үшін 100 бизнес-жобаның кейсін қалыптастыру мәселесі пысықталуда;

– Жамбыл облысының оң тәжірибесін ескере отырып, орталық және солтүстік өңірлерде өндіріске және техникамен қамтамасыз етуге жеңілдетілген кредиттер арқылы ауыл шаруашылығы кооперацияларын құру және кеңейту көзделеді;

–  жұмыс беруші жұмысқа орналасу фактісін растаған жағдайда, қоныс аударушылар үшін жаңа жердегі тұрғын үй құнының 50% – ы мөлшерінде (берілетін тұрғын үйдің орнына) қаржылық көмек алу құқығын куәландыратын ұтқырлық сертификаттарын енгізу жоспарлануда. Бұл сома тұрғын үй салуға немесе сатып алуға, сондай-ақ Отбасы банкіне бастапқы жарнаны енгізуге бағытталуы мүмкін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.