Қалалық қоғамдық-саяси газет

Досаев цемент-бетон зауыты мәселесі туралы: Бассыздықпен айналыса алмаймын

0 111

Алматылықтар тоғыз жыл бойы үйлеріне жақын орналасқан цемент зауыты мәселесін шеше алмай келеді. Алматы әкімінің Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесуінде қала тұрғындары мәселені тағы да көтерді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті тұрғынның айтуынша, сот барлық рұқсатты қайтарып алу туралы шешім шығарған.

«Алайда зауыт белсенді жұмысын жалғастырып жатыр. Алты сотта жеңіп шықтық. Бірақ бәрі қазір мердігер шешімін күтіп отырмыз дейді», – деп алматылық қала басшысы Ерболат Досаевқа жүгінді.

Мегаполис басшысы оған соңғы сот шешімі биыл 1 қыркүйекте шыққан деп жауап берді. Дегенмен, қазір цемент зауытының иелігіндегі компания заңгерлері кассациялық шағым түсіріп жатыр.

«Заң бойынша компанияның Жоғарғы Сотқа мұндай шағым беруге құқығы бар. Ал одан кейін атқарушы өндірісті жүзеге асыра аламыз. Біз мерзімді түрде атқару парағын беріп тұратынымызды білесіздер. Бірақ біз барлық инстанциядан өтіп, тек кассациялық саты қалғандықтан қозғала алмаймыз. Дегенмен, уәде еткенімдей, қалған барлық мәселені бақылауда ұстаймыз.

Кәсіпорынға келетін болсақ, өкінішке қарай, қолданыстағы заңнама соңғы сот шешімі шыққанға дейін шара қолдануға мүмкіндік бермейді. Кәсіпкерлікті қорғауға қатысты қолданыстағы заңдар мен ережелердің өзінде Алматы әкімінің де өкілеті шектеулі. Мен бассыздықпен айналыса алмаймын. Керісінше, мен заң саласында екенімді көрсетуім керек. Егер зауытты қалай тоқтату керегін білсеңіз, маған айтыңыз. Мен дереу бұйрық беремін», – деді Досаев.

Ол шенеуніктер зауыт иесімен қосымша келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.

«Мен оларға не істеу керек екенін түсіндірдім. Бірақ, өкінішке қарай, бүгінде әлі шешім күтіп жүрміз. Мүмкін, табиғатты қорғау заңнамасына қатаң талаптар енгізілгенде, олардың жұмысын бірден тоқтата алар ма едік. Бірақ Жоғарғы Сотқа барып күресуді жалғастырамыз. Бұл процесті ерекше бақылауда ұстаймын», – деді қала әкімі.

2009 жылы Алматы әкімдігі зауыт аумағын жекеменшікке берген. Кейін 2013 жылы мұнда цемент элеваторы салынған. Жақын маңдағы тұрғындар зауыт үйлеріне 20 метр жетпей жатқанына шағымданады. Олардың айтуынша, кәсіпорынның пайда болуымен олардың денсаулықтары астма, бронхит және аллергия көріністері түрінде қатты нашарлаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.