Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда төлем терминалынан ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды

0 105

Алматыда төлем терминалын бұзып, ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Экспресс К Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Үш адам Райымбек даңғылындағы дәріханалардың бірінің ішінде орналасқан терминалды бұзып, 1 миллион 725 мың теңге көлеміндегі ақшаны жымқырған.

 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған қылмысқа қатысы бар үш азамат ұсталды. Олар 1975, 1986 және 1982 жылы дүниеге келген. Күдіктілер қылмысын мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалды, — деді Жетісу аудандық ПБ бастығының орынбасары.

 

Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.