Қалалық қоғамдық-саяси газет

Павлодар облысында дала өртеніп жатыр

0 114

Павлодар облысы Баянауыл ауданында дала өртеніп жатыр. Әзірге өрттің ауданы белгісіз, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аймақтың төтенше жағдайлар департаменті мәлімдегендей, өрт туралы ақпарат 7 қыркүйекте 13:35-те келіп түскен. Ақпаратқа сәйкес, Сәтпаев ауылдық округы, Шоқтау учаскесінде құрғақ шөп жанған. Жалынмен өрт сөндірушілермен бірге 30 ерікті күресіп жатыр.

12:14-тен Жаңажол ауылдық округы, Жаңажол ауылының маңында жаңа өрт басталған. Құрғақ шөп Тас-Бұлақ, Бұрқұтты, Қажыгелді учаскелерінде тұтанған. Жалпы ауданы 40 гектарға тең. Мұнда өртпен күреске өрт сөндірушілер мен 40 ерікті жұмылдырылған. 17:20-да жалын ауыздықталды.

Кейін куәгерлер Павлодарда көлікке арналған көпір маңындағы өрт туралы мәлімдеген.

Сондай-ақ қалада екі жеке үй мен ТЖО отқа оранды. Оқиға орнынан 65 және 37 жастағы екі әйел ауруханаға жеткізілді. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бір әйел бетін, денесі мен екі иығын күйдіріп алған. Күйік ауданы 15%-ға тең. Екінші әйел түтінге уланып қалған. Екеуінің жағдайы орташа ауыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.