Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматыда 3 жігіт төлем терминалын тонап кетті

0 344

Алматыда төлем терминалын бұзып, ішінен ақша ұрлаған күдіктілер ұсталды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Төлем құрылғысы Райымбек даңғылы бойындағы дәріханалардың бірінің ішінде орналасқан. Қаскөйлер ғимаратқа заңсыз кіріп, терминалды бұзып, ол жерден 1 млн 725 мың теңге көлемінде ақшаны жымқырған.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қылмысқа қатысы бар 1975, 1986 және 1982 жылы туған үш азамат ұсталды. Күдіктілер қылмысын мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. Қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қозғалды. Күдіктілердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Асхат Давлетьяров.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.