Алматыда тұрғындар зәресін ұшырған белгісіз ер адам ұсталды. Ол түн мезгілінде Көктөбе маңындағы ағаштарға от қойған еді, деп хабарлайды Экспресс К.
Ағаштарды өртеген ер адамның ұсталғанын полиция хабарлады. Дерекке сүйенсек, күдікті мас болған.
Бұл 1968 жылы туған азамат. Ол от жаққанын мойындады. Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан, бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған, — деді полицияда.
Еске салайық, Экспресс К бұған дейін Көктөбеде ағаштарға от қойған ер адамды іздестіріп жатқанын жазған еді.