Қалалық қоғамдық-саяси газет

Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тасталуы мүмкін

0 285

Қазақстанда Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Норма бүгін, 7 қыркүйекте Мәжіліс отырысында қаралатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына енгізілген.

«1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді Мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні және қоғамдық маңызы жоғары әлеуеті бар өзге де күндер сияқты, оны мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау арқылы айқындау ұсынылды», – делінген Мәжілістің бейінді комитетінің қорытындысында.

Сонымен қатар, депутаттарға 25 қазанды мемлекеттік мереке – Республика күні деп белгілеу, сондай-ақ 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу ұсынылып отыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.