Павлодарлық дәрігерлер сегізінші қабаттың терезесінен құлаған екі жасар баланың өмірі үшін күресіп жатыр. Бала жансақтау бөлімінде, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басылым мәліметінше, оқиға кеше сағат 11.17-де болған.
Бүлдіршінге алғашқы жедел медициналық көмек көрсетілген. Жағдайын ауыр деп бағалаған дәрігерлер оны бірден облыстық балалар ауруханасына жеткізді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі балаға операция жасалғанын хабарлады.
«Ішкі қан кету тоқтатылды. Қазір бала жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр», – делінген хабарламада.