Павлодарда жолдың қарсы бетіне шығып, жантүршігерлік жол апатының себепкері болған көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Көлік тұрақта тұрған жүк көлігіне соғылған. Салдарынан «Toyota» маркалы автокөлігінің бір жағы толығымен жұлынып кеткен.
«Павлодарда Жібек Жолы көшесі бойында Toyota автокөлігі MAN жүк көлігімен соқтығысты», – делінген полиция хабарламасында.
Апатан аман қалған жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір полицейлер жүргізушіні іздестіріп жатыр, ал автокөлік айып тұрағына қойылған.