Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанның тағы бір өңірінде орман өртінің ауқымы ұлғайып барады

0 235

Шығыс Қазақстан облысының Алтай өңірінде құтқарушылар орман шаруашылығы аумағындағы құрғақ шөп пен бұталар өртін сөндіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт аумағы 400 гектардан асып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Таулы аймақтың жетуі қиын аумағына байланысты бүгінде өрт сөндіру жұмыстары қиындап жатыр. «Қазавиаорманкүзеттің» АН-2 ұшағымен шолу жұмыстары жүргізілді. Елдімекендерге өрттен қауіп төніп тұрған жоқ», – деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Өртті сөндіруге ШҚО ТЖД, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдардан 300-ге жуық адам мен 24 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ су төгетін құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы жетті. Тікұшақпен екі рет су шашылды (жалпы көлемі 6 тонна су).

ШҚО ТЖД және өрт орнында жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Айта кетерлігі, өрт аумағы 167 гектарға жетті.

 

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.