Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ғылым министрлігі Алматыда үйсіз жүрген студенттерге қатысты пікір білдірді

0 180

Ғылым министрлігі вокзал мен метроларда түнеп жүрген студенттер жайлы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде және ақпараттық сайттарды «Алматыдағы студенттер далада қонып жүр» деген сарындағы хабарламалар мен бейнежазбалар тараған еді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі оларды мұқият зерделеп, көпшілігі бір парақшадан алынғанын және ондағы мәліметтің расталмағанын мәлімдеді. БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желідегі парақша иелері министрліктің баспасөз қызметіне ол студенттер жайлы нақты деректерді ұсына алмады,

«Осыған орай қоғам өкілдері мен Бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз. Студенттердің жатақханаға орналасуына қатысты сұрақтар туындаса жоғары оқу орындарының әкімшілігіне хабарласуды сұраймыз. Ал, университеттер шәкірттерді жатақханадағы орындармен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда орын жетпеген студенттер хостелдер мен қонақүйлерге орналастырылады», — делінген хабарламада.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев студенттерді жатақханамен қамту мәселесі толық шешілгенше Алматыда болмақ.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.