Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Құмар ойынға салыпты»: Шымкентте қызметкер мектептің ноутбуктері мен компьютерлерін сатып жіберген

0 121

Шымкентте мектеп қызметкері білім ошағына тиесілі ноутбуктер мен компьютерлерді сатып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Құмар ойынға салынған 28 жастағы жігіт 150 ноутбук пен 8 компьютерді ломбардқа арзан бағада өткізіп, олжасын букмекерлік кеңселерге салып келіпті.

Іс Әл-Фараби аудандық соты қарады. Сот төрағасының мәліметінше, қылмыс биыл қаңтар айынан басталып, мамырға дейін жалғасқан. Ол мектептің мүлкін шетінен жасырын алып шығып отырған. Жалпы сомасы 35 млн теңгеден астам материалдық шығын келген.

“Жайынбаев ҚК 189 баптың 4-ші бөлігі 2-ші тармағымен кінәлі деп танылды. Яғни сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде жымқыру деген бап бойынша кінәсін толық мойындады. Шын ниетпен өкінді. Алайда келтірген шығынды қайтарған жоқ. Сол себептен осының бәрін ескере келе сот оған осы баппен 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады”, – дейді әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Төлешов.

“Өзінің сондай жымысқы әрекетін асыра пайдаланып отыр. Ол мемлекеттің мүлкі. Сол себептен оны қазір сот түгелімен қайтаруды талап етіп отырмыз біздер жәбірленушіміз”, – дейді А.Асқаров атындағы №77 мектеп-лицейінің директоры Толқын Аюбаева.

Аталған білім ұясына пандемия кезінде 400-ден астам ноутбук алынған екен. Соттың дерегінше, сотталған мектепке жұмыспен қамту бағларламасы арқылы жұмысқа орналасқан. Жабдықтау жөніндегі инженер болып жұмысқа қабылданған. Лицей директоры осыншама компьютердің қолды болғанын оқу жылының соңында мектеп мүлкін түгендеу кезінде анықтаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.