Қалалық қоғамдық-саяси газет

Балабақша автобусында қалып қойған бүлдіршін аптап ыстықтан қаза тапты

0 174

Жапонияның Сидзуока префектурасында үш жасар қыз бала бақша автобусында қалып қойып, аптап ыстықтан қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үш жасар Тина Кавамото дүйсенбі күні таңертең автобуспен балабақшаға жиналған. Автобуста Тинаны қосқанда алты бала мен екі ересек адам болған. Алайда бүлдіршіннің автобустан түспегенін мұғалімдердің ешқайсысы байқамаған. Қыздың бақшада жоқ екенін де ешкім білмеген.

Тек сағат 14:00 шамасында балаларды үйлеріне қайтару үшін жиналған кезде, олар Тинаны ес-түссіз жатқан күйінде автобус ішінен тапқан. Ол ауруханаға жеткізілді. Дегенмен көп ұзамай қаза тапқаны айтылды. Өлімнің себебі, болжам бойынша аптап ыстықтықтың әсері. Сол күні сырттағы температура 30 градустан асқан.

Бұл балабақша159 балаға арналған. Алайда соның бәріне 39 қызметкер ғана қарайды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.