Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бір атаның балалары футбол ойнады

0 478

Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Әулиеата жерінде жалауы желбіреген «Бір атаның балалары футбол ойнайды» жанұялық турнирі өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған спортты серік еткен отбасылар арасындағы доп додасында еліміздің әр түкпірінен жалпы саны 33 құрама бақ сынады.

Осымен жиырмасыншы рет ұйымдастырылған турнирдің жеңімпазы Мұхтар ата әулеті атанса (жүлде қоры – 500 мың теңге), екінші орынды Базарбаевтар жанұясы иеленді (жүлде қоры – 300 мың теңге), ал үздік үштікті Жолдас әулетінің құрамасы түйіндеді (жүлде қоры – 200 мың теңге). Ал жеңіс тұғырының төртінші сатысына Мырзабековтар жанұсы көтерілді.

Сондай-ақ, турнирдің «Ең жас ойыншысы» Нұрғиса Мұхамедәлі (Мырзабековтар әулеті), «Ең жасы үлкен ойыншысы» Азимбек Тілешов (Кейкі батыр әулеті) атанды. Сонымен қатар, «Үздік шабуылшы» Райымбек Мұхтар (Мұхтар ата әулеті), «Үздік қақпашы» Марат Туғанбаев (Мәуленовтер әулеті), «Үздік сұрмерген» номинациясына Еркебұлан Нұртасұлы (Жолдас әулеті) ие болды.
Айта кетерлігі, жеңімпаз және жүлдегерлер қатарынан көрінген барлық жанұя Түркістан облысынан.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.