Қалалық қоғамдық-саяси газет

Нұрсұлтан Назарбаев күзде өтетін сайлауға қатысуы мүмкін бе – Вице-министр жауап берд

0 802

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев күзде өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға қатыса алмайды. Бұл туралы Парламент отырысында Әділет вице-министрі Алма Мұқанова мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол маусымда өткен референдумда қазақстандықтардың Конституцияға бірінші президенттің мүмкіндіктерін шектейтін түзетулер енгізуге дауыс бергенін еске салды.

«Қабылданған түзетулер бірінші президентке қатарынан екі реттен артық президент болып сайлану талабы қолданылмайды деген норманы алып тастады», – деп түсіндірді Алма Мұқанова.

Еске салайық, 2022 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына жолдауы аясында президент Қасым-Жомарт Тоқаев күзде кезектен тыс сайлау өткізуді ұсынған.

Айта кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде Нұрсұлтан Назарбаев билікке ықпалы күшті Қауіпсіздік кеңесінің өмір бойғы төрағасы қызметінен айырылған. Кейін заңнан елдің сыртқы және ішкі саясатына қатысты мәселелер бойынша Назарбаевтың келісімін алу керек деген талап алып тасталды. Назарбаев пен оның отбасы бұрынғы құдыретінен біртіндеп айырыла бастады, туған-туысы лауазымды қызметтерінен түсті, кейбірі тұтқындалды. Маусым айындағы Конституцияға енген өзгерістерден кейін бірінші президентке берілген артықшылықтың бәрі алынып тасталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.