Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында пәтер терезесінен оқ атып, адамдарды жаралаған бұрынғы полицей сотталды деп хабарлады turkystan.kz.
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Риддерде мас ер адам қолына пневматикалық атыс қаруын алып пәтерінің терезесінен көшедегі адамдарға оқ атқан.
Ол екі азаматты жаралады. Ер адамды жедел келіп жеткен тәртіп сақшылары тоқтатты. Белгілі болғандай, шаһар тұрғыны бұрын полиция қызметкері болған.
«Қалалық әкімшілік соттың шешімімен азамат ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігімен «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік жауапқа тартылды. Сот жәбірленушілердің ауыр жарақат алмағанын, айыпталушының осыған дейін сотқа тартылмағанын ескерді. Ол 15 900 теңге айыппұл төлейді. Ер адамнан пневматикалық мылтық тәркіленді», – делінген ақпаратта.