Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық полицейлермен қоғам белсінділері балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде

0 159

1 қыркүйек күні жамбылдық полицейлермен бірге 100-ден астам қоғам белсінділері балалар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Оқу жылының бірінші күні жамбылдық полицейлері күшейтілген қызмет түріне көшті. Бұл күні барлық мектептерде салтанатты жиындар өткізілді.

Білім күнін ювеналды және патрульдік полицияның 300-ден астам қызметкері дәстүрлі түрде қалалық және ауылдық мектептердің жанында қарсы алды.

Кеше Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Арманбек Баймурзин ҮЕҰ өкілдерімен, Азаматтық белсенділермен, еріктілермен кездесіп,балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар жарақатының алдын алу және олардың бос уақытын ұйымдастыру мәселелерін талқылаған болатын.

Осыған байланысты, бүгін 100-ден астам волонтер, азаматтық белсенділер ПД бастығы бастаған тәртіп сақшыларына қоғамдық қауіпсіздікті қорғауда көмек көрсетуде. Таңертеңнен бастап ондаған еріктілер жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Офицерлер балаларға, олардың ата-аналарына және ұстаздарға жол қозғалысы ережелерін сақтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша парақшалар, брошюралар мен жадынамалар таратты.

Жалпы, ағымдағы жылы 600-ден астам полиция қызметкері профилактикалық сабақтар өткізу үшін оқу орындарына жіберілді.

Осылайша, тергеу және анықтау қызметкерлерімен мектеп оқушыларына кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың себептері мен салдары туралы түсіндірілді. Балаларға бейтаныс адамдармен қалай әрекет ету керектігі және өздерін қылмыстық қол сұғушылықтан қалай қорғауға болатындығы айтылды.

Аулаларды, саябақтарды және жастар көп жиналатын өзге де орындарды патрульдеу үшін мобильді топтар құрылды. Кәмелетке толмағандарға алкоголь және темекі өнімдерін сатуға жол бермеу туралы дүкен иелерімен жұмыстар жүргізілуде.

Ата-аналармен және мектеп әкімшілігімен кәмелетке толмағандардың бос уақытын өткізуге зейінді күшейту, жасөспірімдердің қатысуымен ұрлыққа, төбелеске және өзге де құқыққа қарсы қол сұғушылыққа жол бермеу туралы 560-тан астам дәріс өткізілді.

– Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу ата-аналардың, полицейлер мен мұғалімдердің ортақ міндеті болып табылады. Жас кезінен бастап балалар өздерінің жауапкершілігін түсініп, құқықтық сауаттылықты арттырғаны өте маңызды. Біздің міндетіміз осы мереке күні олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесу, – деп атап өтті Жамбыл облысының ПД бастығы Арманбек Баймурзин⠀

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.