Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында 6 жаңа мектеп пайдалануға берілді

0 152
Жамбыл облысында 1 қыркүйек – Білім күніне орай 6 жаңа мектеп ғимараты пайдалануға берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа оқу жылында облыстағы барлығы 447 мектепте 244 мыңнан аса оқушы білім алатын болады. Биыл 23 мыңға жуық жамбылдық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, 1-сыныпқа қабылданған.

Жалпы, өңірде адам капиталын дамытудың негізі болып саналатын білім саласына айрықша назар аударылуда. Ағымдағы жылы білім саласына 244,4 млрд.теңге бағытталды десек, бұл облыс бюджетінің 50 пайызынан асады. Саладағы инфрақұрылымды жетілдіре түсу бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Атап айтар болсақ, ағымдағы жылы 22 білім нысанының құрылысына 7,6 млрд. теңге қаржы қарастырылып, бүгінге дейін оның 6-ы пайдалануға беріліп үлгерілген. Ал, жаңа оқу жылының басталуына орай тағы 6 жаңа мектеп оқушылар үшін есігін айқара ашып отыр. Олардың қатарында Тараз қаласындағы 600 орынды, Байзақ ауданы Сеңкібай ауылындағы 100 орынды, Жамбыл ауданы Айша бибі аууылында 300 орынды, Жуалы ауданы Дихан ауылында 180 орынды және Алатау ауылында 100 орынды, Қордай ауданындағы Арал ауылында 180 орынды оқу ошақтары бар.

Жаңа мектеп құрылысы аяқталды

Жыл соңына дейін тағы төрт мектептің құрылысы толығымен аяқталады деп көзделсе, ал, 6 нысанның құрылысы 2023 жылға өтпелі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.