1 қыркүйектен бастап Алатау ауданы тұрғындарының өтініші бойынша Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
«Алатау ауданы тұрғындарының қала әкімімен кездесуінде айтылған өтініші бойынша 1 қыркүйектен бастап №142 жаңа автобус бағыты іске қосылады. Ол «Энергостроитель» бау-бақ серіктестігінен Ф.Оңғарсынова көшесі бойымен Рысқұлов даңғылы – Момышұлы көшесі – Абай даңғылы – Саин көшесі – Шаляпин көшесі – Момышұлы көшесі бойымен жүретін болады. Кері бағытта Момышұлы көшесімен Рысқұлов даңғылына дейін – Оңғарсынова көшесімен «Энергостроитель» бау-бақша серіктестігіне дейін жүреді», – делінген хабарламада.