Қалалық қоғамдық-саяси газет

Путин мен Лукашенко Украинадағы жағдайды талқылады

0 744

Ресей президенті Владимир Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен Украинадағы жағдайды талқылады деп хабарлады turkystan.kz Кремльдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Путин Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесіп, Беларусь басшысын туған күнімен құттықтады.

«Екіжақты күн тәртібіндегі кейбір өзекті мәселелер, сондай-ақ Украинадағы жағдай талқыланды», – деп жазылған Кремль хабарламасында.

2022 жылдың 24 ақпанында Ресей президенті Владимир Путин теледидар арқылы сөйлеген сөзінде Украинаның шығысындағы Донбасста арнайы әскери операция басталғанын хабарлаған.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.