Президент жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Мемлекет басшысының Жарлығымен Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары лауазымынан босатылды”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Ақтөбе облысының әкімі қызметін атқарған Оңдасын Сейілұлы Оразалин президент жарлығымен қызметінен босатылған.
Айта кетейік, бұған дейін Дархан Сатыбалды Түркістан облысының жаңа әкімі болып тағайындалған еді.