Қалалық қоғамдық-саяси газет

Айнұр Тұрсынбаева келініне қымбат сый жасап, Стамбұлда той жасайтынын хабарлады

0 271

Жуырда келін түсірген Айнұр Тұрсынбаева Түркия төрінде дүркіретіп той жасамақ. Айтыскер ақын осы орайда ерекше мереке ұйымдастыратынын хабарлады. Ал күні кеше заңды некесін қиған ұлы мен келініне Тұрсынбаева қымбат сый жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамыр айында Тұрсынбаева жалғыз ұлын үйлендіріп, келін түсірді. Алғашқыда мұсылманша некесін қиған жас жұбайлар өткен демалыста заңды түрде ерлі-зайыпты атанды. Осы ретте айтыскер ақын келініне қымбат сый жасады. Ол келініне бір құшақ гүл мен Iphone телефонын сыйға тартты.

Одан бөлек, айтыскер ақын үлкен тойды Түркияның Стамбұл қаласында тойлайтынын хабарлады. Тұрсынбаева бұл тойдың «ерекше» болатынын атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.