Маман күз басталғанға дейін иммунитетті нығайту үшін мырыш пен D3 дәрумені бар препараттарды қабылдауды ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
Дәрігер-терапевт Наталия Андрианова lenta.ru-ға берген сұхбатында күзде ересектер мен балаларда денсаулық проблемасы, соның ішінде тұмау мазалайтынын айтты. Сонымен қатар осы кезде дәрумен қабылдап, күзге дайындалуға және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға кеңес берді.
«Суық тию қаупін толығымен жоя алмаймыз, дегенмен мұндай аурулардың жиілігін азайтуға болады. Ол үшін қолды жуып қана қоймай, мұрынның шырышты қабығын ылғалдандырып, тамақтану тәртібіне көңіл бөлу керек. Сонымен қатар иммунитетті сақтау үшін қажетті дәрумендердің мөлшеріне назар аудару қажет», – дейді дәрігер-терапевт Наталия Андрианова.
Оның айтуынша, иммунитетті D3 дәруменімен нығайтуға болады. Сонымен қатар денсаулықты жақсарту үшін мырыш, темір және В дәрумендерін қабылдау керек.
Дәрігер липосомалық түрдегі витаминдік қоспаларды сатып алуды ұсынды. Алайда маман анализден өткеннен кейін дәрі-дәрмектерді дәрігермен талқылаған дұрыс екенін атап өтті.
Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауымен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.