Қалалық қоғамдық-саяси газет

Полицей әкімге жабайы иттер мен мысықтарға ескерту жасағанын айтып, шошытты

0 238

Әлеуметтік желіде Алматы қаласы әкімінің халыққа есеп беруі кезіндегі «Иттермен сөйлесіп, ескерту бердік» деген полицейді жұрт сынға алды. 

Желідегі қысқа видеодан «Иттермен сөйлесіп, ит-мысықтармен біраз неғып… Ескерту бергенбіз оған», деген сәтін көруге болады.

Видеоны көрген көпшілік арасында полицейдің өзіне ескерту бермей, бірден айыппұл салған сәтін есіне алып ренжігендер болды. Тәртіп сақшыларының ит пен мысыққа жасаған құрметіне қайран қалғандардың пікірі әжуаға айналды.

«2023 жылы біздің полицейлер қасқырлармен сөйлеседі».«Тыңдамаған мысық пен иттер атылса өздерінен көрсін». «Не деген құрмет. Тілін үйреніп, түсіндірген еңбегін бағалайық. Әлемді қайран қалдырайық мына жаңалық Қазақстан деңгейінде қалмасын», — деп жазған олар.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.