Қалалық қоғамдық-саяси газет

Алматы облысында 2 жасар бала септикке құлап көз жұмды

0 168

Алматы облысындағы Талғар ауданында 2 жасар бала септикке құлап көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Анасының сөзінше, ұлы 28 тамызда кешке мысықтың артынан қуған, бірақ абайсызда темірмен жабылған септикке құлап кеткен.

«Баланың салмағынан темір майысып, ол септикке құлап кеткен. Мұны байқаған анасы бірден алып шығып, жедел жәрдем шақырған. Алайда Талғар орталық аудандық ауруханасына барар жолда бала көз жұмды”, – деді Талғар аудандық полиция бөлімінде.

Екі жасар бала аспирациялық асфикциядан көз жұмуы мүмкін.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.