Танымал инсайдер Фабрицио Романо нидерландық “Аякстың” шабуылшысы Антонидың «Манчестер Юнайтедке» ауысуына қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтемемен.
Дереккөз 22 жастағы ағылшын клубы бразилиялықты рекордтық сомаға сатып алатынын, ал оның келісімшарты бес жылға жасалатынын айтады.
“Антони “Манчестер Юнайтедте”! “Аякспен” 100 миллион еуроға келісімге келді. Келісімшарт 2027 жылдың маусымына дейін, 2028 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен жасалған. Қол қою ертең болады. Келісімшарттар дайындалуда, бұл Эредивизияның рекорды – Антони келесі аптада Манчестерде болады”, – деп жазады Романо.
Бұған дейін британдық клуб тағы бір бразилиялық футболшыны сатып алған еді. Кейін клуб УЕФА Чемпиондар лигасына қатыса алмағандықтан, Криштиану Роналдуды қосқанда барлық ойыншылардың жалақысын қысқартқан.