Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Фактурасы ұрып тұр»: Дариға Бадықова күйеуінің неге қызғанбайтынын түсіндірді

0 404

Танымал актриса Дариға Бадықова күйеуімен арақатынасы жайлы айтты. Сөзінше, киноға түсіп, тойға шығып, ел алдында жүрсе де, күйеуі оны өзге азаматтардан қызғанбайды. Бадықова мұның себебін түсіндірді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Тілім тасқа, қызғанбайды. Құрысын, көз тимесін. Одан кейін, қызғанудың төңірегіндегі әңгіме сөзді көтере алмаймын. Намысым деген ұрып тұр. Арқам ұстам, көтеріліп кетем.

Одан кейін өзіне сенімді. Көзі бақырайған әдемі. Бой деген 187 см. Фактурасы ұрып тұр. Духы мықты. Соған қарағанда, қызғанып, өзін төмен санағысы келмейді-ау», – деп ағынан жарылды актриса.

Сонымен қатар Бадықова бала күнінде ата-анасынан «таяқ жеп» өскенін мойындады.

«Ұрды. Маған таяқтың пайдасы тиді. Таяқ мені тәртіпті етті. Мына суреттегі түрімді қараңыздаршы. Таяқ жесе де, сүмірейіп тұрған баланы көрмедім. Психологтардың трендтегі сөзі «травма» ма? Маған ол дым да әсер етпеді», – деді ол.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.