Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Аналары көз жұмған»: Шымкентте үш бала жол апатынан зардап шекті

0 779

Шымкентте қайғылы жол-көлік оқиғасы салдарынан үш бала ауыр жарақат алып, балалардың анасы қаза тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

26 тамыз күні Бәйдібек би даңғылы мен А.Көшеров көшесінің қиылысында Toyota Camry және Audi S8 автокөліктері соқтығысты.

Көлік апаты салдарынан Toyota Camry жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Үш кәмелет жасқа толмаған бала түрлі дене жарақаттарымен қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Автокөліктердің жүргізушілері мен қалған екі жолаушыға қалалық клиникалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.

Оқтға ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі «Көлік құралын басқаратын адамның абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.