Қалалық қоғамдық-саяси газет

Елордада медицина қызметкерлері БҰҰ медалімен марапатталды

0 551

Конституция күні қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының» қызметкерлеріне Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы медалі табысталды деп хабарлады turkystan.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар қызметкерлер денсаулық сақтауға қосқан үлесі үшін «AMANAT» партиясының алғыс хаттарымен марапатталды.

«Ата Заң – еліміздегі барлық құқықтық қатынастарды реттейтін маңызды құжат. Елімізде 5 маусым күні референдум өткізіліп, заңның 33 бабына көптеген маңызды процестерді реттейтін 60-қа жуық түзету енгізілді. Конституция күні қарсаңында біз медицина саласының қызметкерлерін құттықтап, олардың еңбегін ерекше атап өткіміз келді. Үздік қызметкерлер алғыс хаттармен марапатталды. Ақ халатты абзал жандардың жұмысы лайықты бағалануы керек деп есептеймін», – деді «AMANAT» партиясы қалалық филиалының мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық Кеңесінің төрағасы Владимир Савкин.

Сонымен қатар, «Мереке» қайырымдылық қорының қатысуымен «Мектепке жол» акциясы аясында аурухана қызметкерлерінің (дәрігерлер, медбикелер, санитарлар) оқушы балаларына арналған оқу құралдары бар сөмкелер тапсырылды. Олардың арасында көпбалалы отбасылар, жалғыз басты аналар, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған жанұялар бар.

Елордада медицина қызметкерлері БҰҰ медалімен марапатталды

Елордада медицина қызметкерлері БҰҰ медалімен марапатталды

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.