Қалалық қоғамдық-саяси газет

Қазақстанда жиі несие алатын жастар көбейген: Олар көбінесе не сатып алады

0 150

Қазақстанда несие алатын жастардың саны көбеюде. Осы жылдың қаңтар айынан бастап 22 жасқа дейінгі 80,5 мың азамат өмірлеріндегі алғашқы несиелерін ресімдеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Бірінші кредиттік бюроның сараптамасына сәйкес, жастар арасындағы қарыз алушылар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30%-ға өскен. Ал жаңа клиенттерге берілген несиенің орташа мөлшері 320 мың теңгені құраған.

Көбінесе қазақстандықтар бірінші кезекте заемдарды несие карталары арқылы алады. Олардың 85%-дан астамы смартфондар, сымсыз құлақаспаптар және басқа электроника сатып алу үшін қолданған. Сондай-ақ жастар скутер мен мопедтерді сатып алуға, қарыздарды өтеуге, жалға алу шығындарын өтеу үшін несие алады екен. Азаматтардың тек 5%-ы ғана бұл ақшаны білім алуға және өз ісін ашуға жұмсайды.

Орташа есеппен, Қазақстандағы бір қарыз алушыға қолданыстағы екіден астам кредит тиесілі.

“Егер 15-20 жыл бұрын әмиянға ғана қарап жақсы өмір сүру мүмкін болмаса, қазір мұндай мүмкіндік бар. Бірақ бұны жай ғана болашақтан қарыз алу деп түсіну керек. Бұл әрқашан дұрыс емес. Тек адамдар оны теріс пайдаланады, оны қалай дұрыс пайдалану керектігін түсінбейді. Бұған тыйым салудың қажеті жоқ. Адамдардың ызасын тудырады. Өйткені бәрі жақсы өмір сүргісі келеді. Тек несиені қалай дұрыс пайдалануды, салдары қауіпті болмау үшін не істеу керектігі жөнінде түсінік беру керек”, – дейді қаржы сарапшысы Арман Ботпаев.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.