Қалалық қоғамдық-саяси газет

Желіде Мөлдір Әуелбекованың «қайтыс болғаны» жөнінде ақпарат тарады

0 167

Әлеуметтік желіде Мөлдір Әуелбекованың «қайтыс болғаны» жөнінде ақпарат тарады. Әнші ақпараттың жалған екенін айтып, өзі үшін уайымдаған жандарға хабарын берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Бүгін күні бойы мені уайымдап, хабарласып жатқандарыңызға рахмет. Аллаға шүкір, тірімін! Осындай жалған ақпарат таратқандарға дауа жоқ!

Аллаға шүкір аман-сау, той тойлатып жүрмін», – деп бөлісті Әуелбекова.

Айта кетейік, желіде қаралым жинап, оқырмандар санын арттыруды көздейтін мұндай алаяқтар бұған дейін де танымал жұлдыздарды «өлтірген». Саят Медеуов, Роза Рымбаева, Ерке Есмахан және т.б. әншілерге қатысты дәл осындай ақпарат тараған болатын.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.