Қалалық қоғамдық-саяси газет

Мобильді топ ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың тиімділігін түсіндірді

0 316

Өңірде “Ауыл Аманаты” жобасымен жүрген ақпараттық марафон Байзақ және Т.Рысқұлов аудандарында болды. Алдымен облыс орталығына жақын орналасқан Байзақ ауданының Шахан ауылында болды. Тұрғындармен кездесуде топ мүшелері шахандықтарға жоба арқылы келер жылы 2,5 несие берілетінін хабарлап, керек құжаттарды қазірден реттеуді бастау керектігін жеткізді. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрудың маңыздылығына тоқталды. Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Болат Сағымбеков осы уақытқа дейін жоба үш ауылдық округте сәтті жүзеге асқанын тілге тиек етіп, тұрғындарды кооперативке бірігіп жұмыс жасауға шақырды. Сонымен “Тараз” ӘКК” АҚ бас маманы Айдос Әлімқұл жеңілдетілген несиені рәсімдеудегі қойылатын талаптарға кеңінен тоқталып, ауыл халқының сұрақтарына жауап берді. Айта кетерлігі, ауданнан жобаның алғашқы кезеңіне Түймекент және Қостөбе ауылдық округтері енсе, қайта қаржыландыру есебінен Үлгілі ауылы енген болатын.

Келесі кезекте ақпараттық марафон жұмысын Т.Рысқұлов ауданында жалғастырды. Аталған ауданның Көгершін ауылында өтті. Мұнан соң келелі кездесу Абай ауылында ұйымдастырылды.
Басқосуларда ауыл шаруашылық кооперативтерін құрудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Сондай-ақ жоба сәтті жүзеге асқан Құмарық ауылдық округінің әкімі Болат Мансұр жоба – ауыл тұрғындарының табысын арттырып қана қоймай, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз септігін тигізетінін атап өтті.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.