Қалалық қоғамдық-саяси газет

Бүгін Мемлекет басшысы Әзербайжан еліне барады

0 223

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен барады деп хабарлады turkystan.kz.

«24 тамыз күні Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевтің шақыруымен Баку қаласына ресми сапармен барады.

Әзербайжан астанасында екі ел басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесулері жоспарланып отыр. Келіссөз барысында сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға баса мән беріле отырып, қазақ-әзербайжан стратегиялық серіктестігін дамыту мәселелері қарастырылады.

Сонымен қатар екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылады», – делінген болатын Ақорданың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.